Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысының бағбандарына учаскелерін өрттен қорғау қайта ескертілді

Павлодар облысының бағбандарына учаскелерін өрттен қорғау қайта ескертілді

Apr 16, 2025 | Жаңалықтар


Жаңа бағбандық маусым басталғалы бері өңірде бау-бақша серіктестіктеріне 27 рет шығу тіркелді.

Биыл Павлодар облысында өрт салдарынан 390 саяжай учаскесі зардап шекті, оның ішінде 261-і қараусыз қалған. Абырой болғанда, бұл өрттерден қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

– Бақша серіктестіктеріндегі өрттердің негізгі себептері – отты абайсыз пайдалану және құрғақ шөп пен қоқысты жағу, – деп мәлімдеді @pavlodar.rsk баспасөз мәслихатында ТЖД басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденов. – Өткен демалыс күндері Павлодар қаласының «Строитель» және «Энтузиаст» саяжай алаптарында ірі өрт болды. 370 учаскені жалын шарпыды. ТЖД күшімен 55 адам эвакуацияланды. Бүгінгі күні өрттің шығу орны мен себептері анықталған жоқ.

Өрт сөндірушілердің байқауынша, бау-бақша серіктестіктеріндегі өрттер көбінесе демалыс күндері, бағбандар өздері келген кезде орын алады. Сондықтан мамандар саяжайларға рейдтер ұйымдастырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Биыл құрғақ шөпті бақылаусыз жаққаны үшін 15 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту алды.