Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысының құрылыс секторында өсім тіркелді

Павлодар облысының құрылыс секторында өсім тіркелді

Jul 23, 2025 | Жаңалықтар


2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірдегі құрылыс жұмыстарының көлемі 137 миллиард теңгені құрады.

@pavlodar.rsk алаңында әлеуметтік-экономикалық дамудың алдын ала қорытындылары туралы Ұлттық статистика департаментінің өкілдері айтып берді. Ведомство басшысының орынбасары Жанар Мақзамованың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда Павлодар облысының құрылыс саласында 13,2% өсім байқалған.

– Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы магистральды су құбырлары мен автожолдарды қайта жаңғырту есебінен болды, – деді спикер. – Сонымен қатар, 311 жаңа ғимарат салынды, оның 253-і – тұрғын үй, ал 58-і – тұрғын емес мақсаттағы нысандар. Бұл көрсеткішке Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы да кірді.

Басқа салаларға тоқталсақ, 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1,85 триллион теңгеге жуықтап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға артты. Өңірдің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 440,2 миллиард теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 107,6%-ды көрсетті.