
Мұқтаж жандарға қолдау көрсету акциясы 22 қыркүйек пен 20 қазан аралығында жалғасады.
Бюджет қаражаты, қайырымдылық және демеушілік көмек есебінен 15 мыңға жуық адамға қолдау көрсету жоспарлануда. Аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мүгедектігі бар адамдарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлерге, жалғызілікті және жалғыз тұратын жандарға көмек көрсету үшін меценаттар мен қайырымдылық жасаушыларды іздестіруде.
«Қамқорлық» акциясына қатысуға қатысты барлық сұрақтар бойынша тұрғылықты жеріңіздегі қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдіктеріне хабарласуға болады.










