Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында сумен қамту бойынша 18 жоба іске асырылып жатыр

Павлодар облысында сумен қамту бойынша 18 жоба іске асырылып жатыр

Aug 7, 2025 | Жаңалықтар


Ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының жалпы құны 9 миллиард теңгеден асты.

@pavlodar.rsk-де өткен баспасөз конференциясында Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Иманзайыповтың айтуынша, облыстың үш қаласында жалпы құны 5,5 млрд теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылып жатыр. Тағы 3,6 млрд теңге Баянауыл ауданының Шоманкөл, Шонай және Аймауытов ауылдарындағы жобаларға, сондай-ақ Железин, Аққулы және Тереңкөл аудандарындағы 3 өтпелі жобаға бағытталған.

– 2025 жылдың қорытындысы бойынша біз таза ауыз суға қолжетімділік көрсеткішін жүз пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті спикер. – Халық саны 200-ден асатын 9 ауылдық елді мекен бойынша қолданыстағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға бағытталған жобалар әзірленді. Оларды қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім жолданды. Ақтоғай ауданының Балтасап және Басқамыс, Ертіс ауданының Селеті және Қызылағаш ауылдарында қолданыстағы кешенді блок модульдердің орнына орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін салу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Павлодар ауданының Достық, Маралды, Розовка және Ертіс ауданының Ленино ауылдарында сумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау қажеттілігі бар. Сонымен қатар, Ақтоғай ауданының Ақтоғай, Қожамжар, Приреченск ауылдарын сумен қамтуды жақсарту үшін Беловод су құбырына қосылатын су құбыры желілерін салу жобасы әзірленді.