
Кездесулер мен концерттерді ұйымдастырушылар мерекенің идеологиялық құрамдас бөлігіне баса назар аударуға тырысады.
Елдің Негізгі Заңының 30 жылдығы өңірде қалай атап өтілетіні туралы @pavlodar.rsk алаңында айтылды.
– Мысалы, Торайғыров университетінде Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, – деді Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Самал Сәменова. – Сондай-ақ мемлекеттік мерекеге орай облыстық С. Торайғыров атындағы кітапханада көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған Конституция басылымы таныстырылады. Брайль шрифтімен арнайы таралым Жоғарғы Соттың тапсырысы бойынша шығарылды. Кітаптың бірнеше данасы біздің зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханамызға беріледі.
Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары үшін барлығы 700-ден астам, оның ішінде 60 ірі іс-шара дайындалды. Оның ішінде көрмелер, әдеби кездесулер, дөңгелек үстелдер мен дәрістер, спорттық жарыстар мен концерттер бар. Негізгі іс-шара 30 тамызда Ertis Promenade сахнасында өтеді.










