Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 103 ауыл жаңғыртылды

Павлодар облысында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 103 ауыл жаңғыртылды

Aug 20, 2025 | Жаңалықтар


Ауылдық елді мекендердегі оң өзгерістер 156 мың адамды қамтыды.

@pavlodar.rsk алаңында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының 2019-2024 жылдардағы іске асырылу қорытындысы шығарылды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары атап өткендей, соңғы алты жылда өңірде 103 ауыл, оның ішінде тірек, серіктес және стратегиялық ауылдар жаңғыртылған. Осы ауылдардың жалпы халық саны – 156 мың адам. Республикалық жоба аясында 424 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. Тек өткен жылдың өзінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы 15 ауылды қамтып, онда 58 түрлі бастама жүзеге асырылды. Олардың арасында құрылысы ағымдағы жылға жоспарланған спорттық және мәдени нысандар да бар.

2025 жылы жаңғырту 22 ауылдық елді мекенді қамтиды, олардың жалпы халық саны 28,5 мың адамды құрайды. Жоба аясында 45 инфрақұрылымдық бастама іске асырылуда. Бүгінгі таңда тоғыз жоба аяқталды, тағы алтауы аяқталу сатысында, ал 31-і белсенді іске асыру сатысында. Жүзеге асырылып жатқан жобалар бойынша 163 уақытша жұмыс орны ашылды.