Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында 6 гектар қоқыс алаңы өртенді

Павлодар облысында 6 гектар қоқыс алаңы өртенді

Jul 9, 2025 | Жаңалықтар


Өңірде полигондар мен қоқыс төгетін орындарда жалпы 19 өрт тіркелді.

Төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығы инспекциясының мамандарының айтуынша, қазіргі ыстық ауа райы өрттің туындауына себеп болып отыр. Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіптілігінің жоғары класы белгіленді. Осыған байланысты өрт қаупі жоғары кезеңде мемлекеттік орман қорында адамдардың болуына шектеу қойылған. Жыл басынан бері өңірде 52 орман өрті тіркелді, олардың басым бөлігі найзағайдың соғуынан болған.

Сонымен қатар, облыс аумағында 43 дала және 25 жайылымдық өрт оқиғасы орын алған. Олардың негізгі себептері — халықтың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуы. Бұл — от жағу, сабанды жағу, ауыл шаруашылығы палдары және минералдандырылған жолақтардың болмауы.

– Жаз мезгілінде көбіне қоқыс алаңдары мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары жанады, – деді @pavllodar.rsk алаңында өткен брифингте ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов. – 6 гектардан астам аумақта 19 өрт тіркелді. Оның 9-ы бойынша кінәлілер өзіміздің тарапымыздан жауапкершілікке тартылды, ал қалған 10 оқиғаға қатысты материалдар экология департаментіне жолданды.

Табиғи өрттердің алдын алу үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жеткілікті:

  • жанған сіріңке мен темекі тұқылын тастамау;
  • орман мен дала алқаптарында от жақпау;
  • әйнек ыдысты өзіңізбен бірге алып кету;
  • жанғыш қалдықтарды шығару, елді мекендер аумағын тазарту, құрғақ өсімдіктерден арылту және минералдандырылған жолақтарды қалпына келтіру;
  • өрт болған жағдайда бірден 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу.