Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында 12 мыңнан астам тұрғын шахматпен айналысады

Павлодар облысында 12 мыңнан астам тұрғын шахматпен айналысады

Feb 21, 2025 | Жаңалықтар


Бүгінде өңірде бірнеше ірі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері жұмыс істейді, онда шахматпен айналысатын балалар саны 300-ге жуық.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жас шахматшыларды дайындайтын мекемелер қатарында Павлодар қаласындағы №3 БЖСМ, сондай-ақ Ақтоғай, Ертіс және Баянауыл аудандарындағы спорт мектептері бар. Сонымен қатар, спорттық тапсырыс аясында 11 жеке меншік ұйым шахмат үйірмелерін жүргізіп, 400-ден астам баланы қамтып отыр. Облыста шахмат бөлімшелерін дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде, олардың қатарында Екібастұз, Ақсу, Баянауыл, Май, Ертіс және Павлодар аудандарындағы жаңа бөлімшелер бар.

2017 жылдан бастап өңірдегі барлық мектептерде шахмат кабинеттері немесе арнайы бұрыштар ашыла бастады. Сол уақыттан бері балалар бұл интеллектуалды спорт түріне ерекше қызығушылық танытуда. Бүгінде павлодарлық оқушылар арасында республикалық жарыстарға қатысып, Павлодар облысының намысын қорғап жүрген жас шахматшылар бар.

Фото авторы: Константин Музалевский