
Жылыту маусымы басталғаннан бері өңірде тұрғын үй секторында бірден 14 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
Қайғылы статистиканы @pavlodar.rsk алаңында Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жариялады. Павлодар, Ақсу және Тереңкөлдегі өрттерден үш адам қаза тапты. Үш жағдайда да өрттің шығу себептері отты абайсыз қолдану немесе электр сымдарының тұйықталуы болған.
– Біз үйді аралау аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – деді ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов. – Бұл жерде айта кету керек, заңға сәйкес жеке үй иеліктері азаматтық қорғау органдарының бақылау объектісі болып табылмайды. Біз тұрғын үйлер мен пәтерлердің иелерін әкімшілік жауапкершілікке тек өрт қауіпсіздігін бұзу салдарынан өрт шыққан жағдайда ғана тарта аламыз.
Мамандар өрттен қорғанудың тиімді жолдарының бірі – түтін хабарлағыштары деп атайды. Бұл құрылғылар қауіп-қатерге уақтылы ден қоюға және қауіпсіздік шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар есебінен азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының үйлеріне 600-ден астам иісті газ датчиктері орнатылған. Төтенше жағдайлар департаменті барлығын өз үйлерін осындай жолмен қауіпсіздендіруге шақырады.










