Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар маңында жаңа сүт фермасы салынып жатыр

Павлодар маңында жаңа сүт фермасы салынып жатыр

Aug 27, 2024 | Жаңалықтар


«Кронос-Павлодар» компаниясының бастамасымен жүргізіліп жатқан жобаның құны шамамен 14 миллиард теңгені құрайды.

Жаңа ауыл шаруашылығы кәсіпорнының құрылысы өткен жылы басталған. Бүгінде мұнда бірнеше бұзау қора, сауын алаңы салынды. Жоба бойынша сүт фермасы 1893 сауынға есептелген. Дәл қазір МТФ-да 570 бас сиыр болса, оның 250-і төлдеп үлгерді.

-Біз Даниядан голштейн-фриз сиыр тұқымын әкелдік, – дейді ферма меңгерушісі Алексей Макаров. – Бірінші лактация кезінде олардың өнімділігі бас басынан 30 литр сүтті құрайды. Бұл көрсеткішті арттыру жолында жұмыс істейтін боламыз. Жоба толық жүзеге асқан соң тәулігіне 50-55 тонна сүт өндіру жоспарда бар.

Кәсіпорын өзін жеммен қамтамасыз етеді. Осы мақсатқа жету үшін 2 мың гектар алқапты суаруды қолға алып, судан шөбі, жоңышқа және басқа да мал азықтық дақылдарын өсіруде.

Жаңа МТФ Павлодар облысындағы ең ірілерінің біріне айналуы тиіс. Ауыл шаруашылығы басқармасында атап өткендей, бүгінде облыста 36 тауарлы-сүт фермасы бар. Сонымен қатар 3 ауыл шаруашылығы кәсіпорны сүт өндіру бойынша Қазақстанның алғашқы ондығына енді.