Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар емханаларында пациенттермен жұмыс істеу тәсілі қалай өзгеруде

Павлодар емханаларында пациенттермен жұмыс істеу тәсілі қалай өзгеруде

Mar 5, 2025 | Жаңалықтар


Бастапқы медициналық-санитарлық көмек жүйесінде пациенттердің мәселелері осы жерде және қазір шешілуі керек. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (МӘМС) емханаларға қоятын басты талабы – осы.

МӘМС қорының есебінше, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты сұрақтардың шамамен 80%-ы дәл осы бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде туындайды. Сондықтан бүгінде емханалардың пациенттермен жұмысына ерекше көңіл бөлінуде.

Мысалы, бүгінгі таңда 71 мыңға жуық пациент тіркелген “Viamedis Pavlodar” клиникасында соңғы бірнеше жылда инфрақұрылым мен жабдықтар айтарлықтай жаңартылды. Мұнда заманауи гинекология, педиатрия және сәулелік хирургия бөлімшелері ашылды.

– Біз халықтың сапалы медициналық қызметті жайлы жағдайда алуына жағдай жасауға тырысамыз, – дейді емхананың бас дәрігері Айман Оспанова. – Денсаулық орталығы мен жүрек орталығын аштық, сондай-ақ өкілеттіктерді беру жобасын іске қостық. Мысалы, жүкті әйелдерді қабылдауды тек дәрігерлер ғана емес, арнайы оқытылған акушерлер де жүргізе алады.

Бүгінде МӘМС қоры емханаларда пациенттерді қолдау қызметі тұрақты жұмыс істеуі тиіс деп талап етуде. Оның негізгі мақсаты – пациенттің мәселесін дереу шешу.

– Бұл қызмет жалпы медициналық ұйымның медициналық көмектің сапасын басқару жұмыстарын үйлестіреді, – дейді МӘМС қорының Павлодар облыстық филиалының басшысы Жангелді Шаймбетов. – Ол тек пациенттердің шағымдарын қарап, шешіп қана қоймай, сонымен қатар медициналық кадрлар мен жабдықтардың тиімділігін бағалайды, емдеу технологияларын, кепілдендірілген тегін медициналық көмектің орындалуын тексереді және басқа да маңызды мәселелермен айналысады. Егер пациент медициналық қызметтің сапасыз көрсетілуіне, қызмет көрсетуден бас тартуға немесе медицина қызметкерлерінің дөрекі қарым-қатынасына тап болса, ең алдымен, емхананың пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуі қажет. Егер мәселе сонда шешілмесе, бізге хабарласу керек.

Айта кетейік, өткен жылы Павлодар облысында МӘМС қорына пациенттерден 105 негізделген шағым түсті. Жауапсыз медициналық ұйымдарға 4 миллион теңгеден астам төлем жасалмады.