Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған павлодарлықтарға қымбат симультанды операциялар қолжетімді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған павлодарлықтарға қымбат симультанды операциялар қолжетімді

Aug 13, 2025 | Жаңалықтар


Жыл басынан бері облыстық кардиоорталықта күретамырлардан атеросклероздық түйіндерді алып тастау мен жүрекке ота жасауды біріктіретін алтыншы ота жасалды.

Бұрын пациентпен көбінесе кезең-кезеңмен жұмыс істейтін: алдымен тамыр мамандары, содан кейін кардиохирургтар. Енді павлодарлық дәрігерлерде екі процедураны бір наркозбен жасауға техникалық мүмкіндік бар. Бұл жағдайда пациент те, медицина қызметкерлері де ұтады.

Бізге аортокоронарлық шунттау операциясын қажет ететін 62 жастағы пациент түсті, – дейді Павлодар облыстық кардиоорталығының тамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Сәбит Жүсіпов. – Оның күретамырларының тарылуы түріндегі ілеспе ауруы бар, бұл операция кезінде инсульт алу қаупін тудырады. Сондықтан алдымен күретамырлардан атеросклероздық түйіндерді алып тастау, содан кейін жүрекке ота жасау жоспарланып отыр.

Мамандар мұндай жағдайлар жиі кездесетінін мойындайды. Жыл басынан бері бұл облыстық кардиологиялық орталық базасында өткізіліп отырған алтыншы симультанды операция. Алдыңғы бес операция жоспарлы түрде өткізілді және барлық пациент қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.

Әдетте мұндай пациенттерді ауруханаға жатқызу мерзімі 7-10 күнді құрайды, – дейді кардиоорталықтың кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Мұрат Райханов. – Кейін олар ерте оңалту кезеңінен өтеді. Сонымен қатар, біздің медициналық мекемемізде жарты жыл ішінде үш рет оңалтудан өтетін кезде, кейінге қалдырылған оңалту қызметі де бар.

Симультанды операцияның орташа құны шамамен 3 млн теңге. Процедураның қымбат болуы жоғары технологиялық жабдықтар мен шығын материалдарының жоғары құнымен түсіндіріледі. Дегенмен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылғандар үшін мұндай операциялар толығымен тегін жасалады.