Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Мүгедектікті растау үшін медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту Қазақстанда жеңілдетілді

Мүгедектікті растау үшін медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту Қазақстанда жеңілдетілді

Jul 17, 2025 | Жаңалықтар


2025 жылдың алғашқы жартысында Павлодар облысында мемлекеттік қызметті сырттай-проактивті форматта 42%-дан астам өтініш беруші алды.

Мүгедектікті растау тәсілін өзгерту – қағазбастылық пен жемқорлық тәуекелдерін жою және процестің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды. Жаңашылдық онкологиялық аурулары бар, жарақат алған және басқа да аурулары қайтымсыз сипаттағы адамдарға қатысты. Бүгінде мүгедектік тобын белгілеу қызметін алу үшін азамат алдымен емханаға барып, қажетті тексерістен өтуі керек. Одан кейінгі барлық процесс ақпараттық жүйелердің интеграциясы есебінен азаматтың тікелей қатысуынсыз жүзеге асады.

Бұрын мүгедектік алу үшін адам алдымен емханаға барып, тексеруден өтіп, одан кейін медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне барып, бетпе-бет куәландырудан өтуі тиіс еді, – деді @pavlodar.rsk алаңында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау бойынша өңірлік департаментінің басшысы Алмагүл Мұхамедова. – Содан кейін әлеуметтік төлем тағайындау үшін ХҚО-ға баруы қажет болатын. Қазіргі формат бұл рәсімдерді алып тастайды – барлық құжаттарды медициналық ұйымда тапсыру жеткілікті. Нозологиялық аурулардың 30%-ы сырттай-проактивті медициналық-әлеуметтік сараптама форматына ауыстырылды.

Павлодар облысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау 29 мың адамның, оның ішінде 3,8 мыңнан астам баланың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.