Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі комиссия Павлодар облысында жұмыс істейді

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі комиссия Павлодар облысында жұмыс істейді

Oct 30, 2025 | Жаңалықтар

Биыл көтерме жеткізушілер мен сауда нүктелері арасындағы бірқатар делдалдық буындар жойылды.

Өңір басшысының тапсырмасымен жұмыс істейтін комиссияның аралық нәтижелері туралы экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Жоламан Қиналбеков айтып өтті. Оның айтуынша, делдалдар санын азайту әлеуметтік маңызы бар тауарлардың түпкілікті бағасының төмендеуіне ықпал етті. Биыл Павлодар облысында баға қалыптастыру тізбегінен 16 артық делдал алынып тасталды. Мысалы, шілде айында бір кәсіпкер тауарды көтерме бағамен сатып алып, 15 пайыздан жоғары үстемемен сатқан. Оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Комиссия әсіресе әлеуметтік нысандарға арналған мемлекеттік сатып алулар кезінде азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеуге ерекше назар аударады.

– Біз мемлекеттік сатып алу порталындағы бағаларды нарықтағы бағамен салыстырамыз, – деді @pavlodar.rsk спикері. – Егер баға шектен тыс жоғары болса, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хат жолдаймыз. Олар тексеру жүргізіп, мекемелер сатып алу бағасын қайта қарайды. Осылайша артық шығынның алдын аламыз.

Талдау нәтижесінде сатып алу бағалары қайта қаралып, мемлекеттік бюджеттен 10 миллион теңге үнемделді.