Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Бастау үшін де, даму үшін де: мемлекеттік қолдау Павлодар облысының кәсіпкерлеріне қалай көмектесуде

Бастау үшін де, даму үшін де: мемлекеттік қолдау Павлодар облысының кәсіпкерлеріне қалай көмектесуде

Nov 5, 2026 | Жаңалықтар


Шағын және орта бизнес үшін «Даму» қорының несие алуға арналған кепілдік беру немесе несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түріндегі қаржылық құралдары қолжетімді.

2021 жылы мемлекеттік қолдау «Aqbota Saraiy» мейрамханасын салуға үлкен тірек болды. Жоба жетекшісі Самат Болатбек несие алу үшін кепілдік алып, кешенді тұрғызу мен жабдықтауға арналған несиені субсидиялай алды.Бүгінде бұл мейрамханада салтанатты шаралары мен отбасылық мерекелерін тек павлодарлықтар ғана емес,Павлодар облысының басқа қалалары мен аудандарының тұрғындары да өткізеді. Осы жылы жеке кәсіпкер бизнесін кеңейтіп, екінші кешенді салуды ұйғарды. Шағын бизнесті қолдауға арналған «Іскер аймақ» жобасы аясында кәсіпкер тағы да несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға үміт арта алады.

Павлодарда «Технопром-текс» ЖШС-нің жұмыс істеп жатқанына 20 жылдан асты. Бұл кәсіпорын Қазақстанда бірінші болып жоғары сапалы полипропиленнен биг-бэгтер шығара бастады. Өз уақытында «Даму» қоры компанияға қолдау көрсетіп, несие алу үшін 50% кепілдік берген болатын. Бүгінде «Технопром-текс» ЖШС жүк көтергіштігі 500 килограммнан 2 тоннаға дейінгі бұйымдарды ұсынады. Сонымен қатар мұнда әртүрлі өнімдерге арналған 5-тен 50 килограммға дейінгі полипропилен қаптарды да шығара алады. Кәсіпорын клиенттерінің қатарында «Alina Group» компаниялар тобы, сондай-ақ басқа да бизнес субъектілері бар.