2024 жылдан бастап барлық қазақстандық балалар жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің бір бөлігін алатын болады. Ата-аналар, қорғаншылар және қамқоршылар eGov.kz порталындағы азаматтық хал актілеріндегі балалар туралы мәліметтерді тексеруі қажет.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің өкілдері әрбір бала туралы ақпарат мүдделі тұлғаның өтініші бойынша жаңартылатынын еске салады. Тіркеу жазбасы АХАТ ақпараттық жүйесінде болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өзгерістер енгізеді. Ақпараттық жүйеде түзету енгізу үшін негіз болатын жазбалар болмаған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайтын уақытқа ұзартылады.
– Маңызды хабарламалар мен әлеуметтік қызметтерді дер кезінде алу үшін сіз өзіңіздің отбасыңыздың құрамы туралы хабардар етуіңіз керек, – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ облыстық филиалының басшысы Асылбек Сапарбек. – Толық және дұрыс мәліметтер базасының арқасында мемлекет тұтастай алғанда ел үшін және әрбір аймақ бойынша жеке нақты демографиялық суретке ие болды. Бұл инфрақұрылымды – балабақшаларды, мектептерді, ауруханаларды дамытуды жоспарлауға және әртүрлі әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы аясында Павлодар облысының АХАТ бөлімі арқылы 2134 жазба жаңартылды.