Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Антимонополия қызметкерлері Павлодар облысының тауар нарықтарындағы бәсекелестік жағдайы туралы баяндады

Антимонополия қызметкерлері Павлодар облысының тауар нарықтарындағы бәсекелестік жағдайы туралы баяндады

Jul 3, 2025 | Жаңалықтар


Жыл басынан бері мамандар азық-түлік өнімдерін, сымды интернетті және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару нарықтарына талдау жасады.

@pavlodar.rsk алаңында Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті жұмысының аралық қорытындысын ведомство басшысы Бейбіт Молдабеков жариялады. Ол тауар нарықтарындағы бәсекелестік жағдайын зерттеу – антимонополия қызметкерлерінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл нақты тауар нарықтарында қандай кедергілер бар екенін және нарық доминанттары тарапынан нарықтық билікті теріс пайдалану фактілерінің болған-болмағанын түсінуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде нарықтық билікті кез келген теріс пайдалану тек зерттелген тауар нарығында ғана емес, сонымен іргелес салаларда да салдарға әкеп соғады. Сонымен қатар, бұл нарықтың адал бәсекелестік тұрғысынан дамуына мүмкіндік бермейді, бұл нарықтың одан әрі монополиялануына әкелуі мүмкін.

– 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында біз Павлодар облысының тауар нарықтарында бәсекелестік жағдайына 10 талдау жүргіздік, – деді спикер. – Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын – мысалы, күнбағыс майы, тауық еті және бірінші сортты ұннан жасалған нан нарықтары зерттелді. Бұдан басқа, авиаотын, жаңа жеңіл автомобильдер, құрғақ күл, сымды интернет нарықтары, ұшып кеткен күлдің жеңіл фракциясын жинау, жөнелту, өңдеу және сату, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару нарықтары талданды.

Бейбіт Молдабековтың атап өткеніндей, азық-түлік өнімдері және сымды интернет нарықтарына жасалған талдау қорытындысы бойынша демонополизациялау және бәсекелестікті дамыту бойынша үш ұсыныс мемлекеттік органдарға және «Қазақтелеком» АҚ-ға жолданды.