Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Торайғыров университеті жасанды интеллект пен қолданбалы ғылымды дамытуда

Торайғыров университеті жасанды интеллект пен қолданбалы ғылымды дамытуда

Nov 12, 2026 | Жаңалықтар


Сұранысқа ие мамандар даярлау, ЖИ енгізу, зерттеу инфрақұрылымын дамыту және өнеркәсіптік кәсіпорындармен ынтымақтастық орнату өңірдегі ең ірі университетті трансформациялаудың негізіне айналуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы елді одан әрі дамытудың маңызды бағдарларын айқындайды. Негізгі бағыттардың қатарында адами капитал сапасын арттыру, экономиканы жаңғырту, ғылымды дамыту, цифрландыру және озық технологияларды енгізу бар. Торайғыров университеті үшін бұл міндеттер білім беру бағдарламаларын жаңарту мен заманауи зертханалық база құрудан бастап, жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді әзірлеуге және экономиканың нақты секторы үшін жас мамандар даярлауға дейінгі нақты істермен жалғасын табуда.

Университет жасанды интеллектіні білім беруде, ғылымда және кәсіпкерлікте тәжірибелік тұрғыда қолдануға көшуде. Жоғары оқу орнының базасында жоғары технологиялар саласында мамандар даярлауға бағытталған Tomorrow School ЖИ мектебі ашылды.

Қолданбалы зерттеулерге және ғылымның өндіріспен байланысына ерекше көңіл бөлінеді. ToU-да инженерлік және жаратылыстану-ғылыми зертханалар жаңғыртылуда. Атап айтқанда, машина жасау және стандарттау зертханаларында СББ (ЧПУ) станоктары, өндірістік тренажерлер мен арнайы жабдықтар орнатылған.

Металлургиялық кешенде сутекті тотықсыздандыру, гидрометаллургия, металдарды соғу, илемдеу және 3D-модельдеу бағыттары зерттеледі. Бұл зерттеулер Павлодар өңірінің өнеркәсібі мен энергетикасы үшін өзекті және өндірістерді жаңғыртуға арналған кадрлар даярлауға көмектеседі.

Кәсіпорындармен өзара іс-қимыл экономика сұраныстарын ескеруге, студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге мүмкіндік береді.

Білім беру сапасын арттыру ToU-дың басты басымдығы болып қала береді. Жоғары оқу орнында академиялық білім жобалық жұмыспен, цифрлық құзыреттермен және зерттеулермен толықтырылады. Инженерлік, IT-бағыттарға және халықаралық ынтымақтастыққа ерекше мән беріледі, бұл студенттерге озық әлемдік тәжірибеге жол ашады.