
1 қыркүйектен бастап өңірде 200 мыңға жуық тұрғын үй массиві тексерілді.
Павлодар облысында үшінші ай қатарынан «Учаске» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы (ЖПШ) басталды. Ол қоғамдық қауіпсіздік пен халық тыныштығын қамтамасыз ету шараларын күшейтуге бағытталған. ЖПШ аясында полицейлер тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азамат Күркебаев: «9 мыңға жуық қару иесі тексеріліп, қару сақтау ережелерін бұзудың 69 фактісі, сондай-ақ қаруды тіркеу және қайта тіркеу мерзімін бұзудың 44 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 23 бірлік қару тәркіленді. Сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін 69 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардан 98 бірлік қару тәркіленді», – деп хабарлады.
Тұрғылықты жері бойынша ІІБ есебінде тұрған 14 мыңнан астам адам тексерілді. Нәтижесінде 3,5 мыңға жуық қорғау нұсқамасы шығарылып, өңірдің екі мың тұрғынының мінез-құлқына ерекше талаптар қойылды. «Заң және тәртіп» қағидасы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған ішкі істер органдары қызметінің негізі болып қала береді.










