
Әлеуетті кәсіпкерлерден өтінімдер 3 қарашаға дейін қабылданады.
Биыл жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының желісі бойынша өз ісін дамытуға 405 қайтарымсыз грант бөлінген болатын. Қалыптасқан қаражат үнемделуінің арқасында бастаушы кәсіпкерлерге тағы 40 мақсатты грант бөлу туралы шешім қабылданды.
– Олар қалалар мен аудандар арасында бөлінді: Екібастұз қаласында, Железин, Аққулы, Тереңкөл және Успен аудандарында, – деп атап өтті @pavlodar.rsk-да өткен баспасөз конференциясында ведомство басшысы Самал Қадырова. – Барлық гранттар қайтарымсыз негізде беріледі және шағын бизнесті іске қосуға арналған. Бірінші кезекте біз атаулы әлеуметтік көмек алушылардан, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан, қандастардан, ішкі көші-қон бойынша қоныс аударушылардан, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың өздерінен түскен өтінімдерді қараймыз.
Қайтарымсыз гранттар алуға арналған конкурстың үшінші кезеңіне қатысуға өтінімдер қабылдау 20 қазанда басталып, 3 қарашада аяқталады. Өтінімді www.enbek.kz сайтында қалдыруға болады. Грант мөлшері 400 АЕК-ті немесе шамамен 1,6 миллион теңгені құрайды.










