
Мемлекеттік кірістер департаменті Павлодар облысындағы жеке кәсіпкерлер санының өскенін хабарлады.
@pavlodar.rsk алаңында айтылғандай, бүгінде өңірде жеке тұлғалар қатарынан 772 мыңға жуық салық төлеуші бар. Сондай-ақ фискалдық органдардың тіркеу есебінде 49 мыңнан астам жеке кәсіпкер және 16 мыңға жуық заңды тұлға тіркелген.
– Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, біз тіркелген жеке кәсіпкерлер санының 2308-ге немесе 5%-ға өскенін байқап отырмыз, – деді Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Нұрболат Нұрахметов. – Бұл біздің өңірдегі экономикалық белсенділіктің артып келе жатқанынкөрсетеді. Тиісінше, салық түсімдері де өсуде.
Айта кету керек, Павлодар облысындағы заңды тұлғалар саны айтарлықтай өзгерген жоқ.










