Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында жылыту маусымына дайындық басталды

Павлодар облысында жылыту маусымына дайындық басталды

Sep 17, 2025 | Жаңалықтар


Өңірде өрттің алдын алуға бағытталған ауқымды іс-шаралар жүріп жатыр.

Павлодар облысындағы ахуал туралы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов айтып берді. Өткен жылыту маусымында өңірдегі 191 өрттің салдарынан 10 адам қаза тауып, тағы 7 адам жарақат алған. Осы қайғылы оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін, соңғы бір айда өрт сөндірушілер мен еріктілер 14 мыңға жуық жеке үй мен ауланы аралап шықты.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үйлерге ерекше назар аударылып, онда 352 улы газ датчигі орнатылды. Сондай-ақ, өңір тұрғындары үшін дәрістер, эвакуациялық жаттығулар мен арнайы нұсқаулықтар ұйымдастырылды.

Павлодар облысының тұрғындарын өте мұқият болуға шақырады: мұржаларды уақытылы тазалау, пештерді тексеру және оларды қараусыз қалдырмау қажет. Осы қарапайым шаралар өмір мен мүлікті сақтауға көмектеседі.