Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар мен Екібастұзда жаңа мұз айдындарын салу жоспарланып отыр

Павлодар мен Екібастұзда жаңа мұз айдындарын салу жоспарланып отыр

Sep 3, 2025 | Жаңалықтар


Жаңа спорт нысандарын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Облыс орталығы мен кеншілер қаласында жаңа мұз айдындарын салу жоспарлары туралы @pavlodar.rsk-да өткен баспасөз конференциясында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері айтып берді.

– Павлодар облысында спорттық мұздың тапшылығы проблемасы бар, – деді журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ведомство бөлімінің басшысы Талғат Сәкен. – Сондықтан биыл Павлодар мен Екібастұзда мұз айдындарын салуды бастау жоспарланып отыр. Олар бойынша жобалық-сметалық құжаттама әлі әзірленуде.

Спикердің айтуынша, жобаларды 2026 жылы тапсыру көзделген.