Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Колледждерге қабылдау цифрлық жүйеге көшуде

Колледждерге қабылдау цифрлық жүйеге көшуде

Jul 2, 2025 | Жаңалықтар


Енді техникалық және кәсіптік білім алғысы келетіндер тиісті өтінімді eGov.kz порталы арқылы беруі тиіс.

ТиПО жүйесіндегі жаңашылдық туралы @pavlodar.rsk алаңында айтылды. Колледжде оқуға өтінім беру үшін болашақ студентке электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Егер талапкер 18 жасқа толмаған болса, өтінімді оның заңды өкілі беруі тиіс.

– Әрбір талапкер төрт мамандыққа дейін және төрт колледжді таңдай алады, – деп атап өтті баспасөз конференциясында өңірлік білім беру басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Қарлығаш Асайымова. – Жұмысшы мамандықтарына түсушілер әңгімелесуден өтеді. Ал орта буын мамандары мен қолданбалы бакалавриатқа түсушілер мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға арналған конкурсқа қатысады. Автоматтандырылған бөлу ұлттық білім беру дерекқоры арқылы жүзеге асырылады. Конкурс аттестаттың орташа конкурстық балы бойынша өткізіледі, колледжде тегін оқуға арналған бюджеттік орындардың иелері сарапталып, автоматты түрде анықталады.

Мамандар атап өткендей, егер талапкерлерде қандай да бір мәселелер туындаса, оларға колледждің өзінде көмек көрсетуге дайын. Биыл Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқуға арналған мемлекеттік гранттардың жалпы көлемі 6250-ді құрады. Колледж студенттері 41 мың теңге мөлшерінде стипендияға, қала сыртынан келгендер үшін тегін жатақханаға, жұмысшы мамандықтары мен әлеуметтік осал топтардағы студенттер үшін тегін тамақтануға, сондай-ақ жол жүру шығынын 4 АЕКмөлшерінде өтеуге үміттене алады.