Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында суармалы жерлердің аумағы 180 мың гектарға жеткізілді

Павлодар облысында суармалы жерлердің аумағы 180 мың гектарға жеткізілді

Jun 25, 2025 | Жаңалықтар


2020 жылдан бері өңірдегі суармалы алқаптардың жалпы аумағы 77,5 мың гектарға жуық ұлғайды.

@pavlodar.rsk алаңында Жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитовтың хабарлауынша, бүгінде Павлодар облысындағы суармалы жерлердің аумағы 179,6 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 155,1 мың гектары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне бекітілген, 13,3 мың гектары – қор жерлері, ал 11,2 мың гектары – елді мекендер мен орман қоры құрамына кіреді. Жыл соңына дейін суармалы алқаптардың аумағы егістік жерлерді ауыстыру есебінен 190 мың гектарға дейін ұлғайтылады.

  • Жер пайдаланушыларға суару үшін бекітілген 155,1 мың гектар суармалы жердің 80,5 мың гектары іс жүзінде суарылады, – деді спикер. – Өткен жылы біздің өңірде жалпы аумағы 4 мың гектар болатын 8 суару жобасы іске асырылды. Биыл «Mай Агро-М» ЖШС-нің 1,2 мың гектар аумақтағы суару жобасы пайдалануға берілді.

Бүгінде 15,6 мың гектар аумақтағы суармалы учаскелерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту бойынша үш жобаны іске асыру жалғасуда. Павлодар облысында суармалы егіншілікті одан әрі дамыту үшін жалпы аумағы 11,4 мың гектар болатын суармалы учаскелер салу бойынша қосымша 25 инвестициялық жоба бар.