Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Ерекшелік аумағы: «Павлодар» АЭА-да Қазақстан үшін бірегей өндірістер іске қосылуда

Ерекшелік аумағы: «Павлодар» АЭА-да Қазақстан үшін бірегей өндірістер іске қосылуда

Jun 25, 2025 | Жаңалықтар


Жаңа кәсіпорындар импортты алмастыруға бағытталған, сондай-ақ зор экспорттық әлеуетке ие.

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында алғашқы гиперпрестелген кірпіш былтыр ғана шығарылды. Ал бүгінде «KAZBM» зауыты бірден 15 түрлі өнім шығарады. Бұл арнайы технология бойынша жасалатын өте берік құрылыс материалы.

– Біздің кәсіпорын – Қазақстанда мұндай кірпішті шығаратын жалғыз өндіруші, – дейді «KAZBM» ЖШС өндіріс бастығы Сергей Андреев. – Ай сайын біз 800 мың данаға дейін өнім шығарамыз. Оның тұтынушылары – Қазақстан бойынша жеке тұлғалар мен құрылыс компаниялары. Мысалы, Екібастұзда көпқабатты үйлер салу кезінде біздің қаптама кірпішіміз қолданылады. Біз жай ғана кірпіш емес, Қазақстан сәулетінің бейнесін өзгертуге әсер ететін ерекше дизайндағы кірпіш шығаруға ұмтыламыз. Болашақта экспортқа шығуды жоспарлап отырмыз.

«Павлодар» АЭА-да орналасқан тағы бір Қазақстан үшін бірегей кәсіпорын – «ASCOR» бірлестігі. Мұнда суды тазартуға арналған коагулянттар шығарылады. Бұл өнімнің әлеуетті тұтынушылары – өздерінің технологиялық процесінде суды пайдаланатын кез келген ірі және шағын өндірістер.

– Біздің реагент су құрамындағы ұсақ тұнба, құм және балдыр бөлшектерін «жабыстырады», – деп түсіндіреді «ASCOR» өндірістік бірлестігінің аға шебері Александр Ряписов. – Содан кейін мұның бәрі суспензияға айналып, шөгеді. Осының арқасында су тазаланады.

Бүгінде «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында бірден 20 түрлі кәсіпорын жұмыс істеп тұрса, тағы 18 жоба іске асыру сатысында. АЭА аумағында инвесторларға барлық инфрақұрылым ұсынылады. Сонымен қатар, жеңілдіктер ретінде олар корпоративтік және табыс салығынан, сондай-ақ шикізатты әкелуге және дайын өнімді әкетуге арналған кедендік баждардан ұзақ мерзімді босатуды алады.