Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында шегірткеге қарсы 20 мың гектарға жуық егістік өңделеді

Павлодар облысында шегірткеге қарсы 20 мың гектарға жуық егістік өңделеді

May 30, 2025 | Жаңалықтар


Мамандардың айтуынша, өңірде шегіртке шапқыншылығының қаупі жоқ.

Облыстық аумақтық инспекцияның мәліметінше, биыл итальян шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу көлемі 19,6 мың гектарды құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда өңдеу алаңы 2,8 мың гектарға артқан. Бұл зиянкестің биологиялық көбеюіне, яғни оның өсімталдығы мен жұмыртқа салуының артуына байланысты.

– Шегірткеге қарсы өңдеудің ең көп көлемі Баянауыл ауданында – 10,9 мың гектар жоспарланған, – деді @pavlodar.rsk алаңында ведомство басшысы Арман Шүйкенов. – Железин ауданында – 2,7 мың гектар, Май ауданында – 2,3 мың гектар. Павлодар облысының басқа аудандарында химиялық өңдеу көлемі 1 мың гектардан аспайды.

Химиялық өңдеу жұмыстары 27 мамырда басталды. Қазіргі уақытта Май және Баянауыл аудандарында 3,1 мың гектар жер өңделді. Аққулы ауданында 100 гектар жердегі жұмыстар аяқталды. Жалпы өңір бойынша өңдеу жұмыстарын маусым айының үшінші онкүндігінде аяқтау жоспарланып отыр.