Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында үйге патронаж қызметі жақсаруда

Павлодар облысында үйге патронаж қызметі жақсаруда

Apr 25, 2025 | Жаңалықтар


Өңірде жүкті әйелдер мен 3 жасқа дейінгі балаларға үйде патронаж жүргізетін емханалар жанындағы қызметкерлерге оқыту жұмыстары жүргізілуде.

Универсалды прогрессивті патронаж моделі аясында оқыту үшін Павлодарға халықаралық кеңесші және шебер-тренер Наталья Ким шақырылды. Ол емхана басшыларымен, педиатрлармен және патронаж қызметкерлерімен бірге жүкті әйелдердің денсаулығын қалай жақсарту және нәрестелер арасындағы сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту жолдарын талқылады.

– Универсалды прогрессивті патронаж моделі Қазақстандағы педиатриялық көмектің ұлттық стандартына енгізілген, – деді @pavlodar.rsk алаңында Наталья Ким. – Бұл модель ең алдымен отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнатуға бағытталған. Тек жүктілік пен баланың денсаулығын бақылау ғана емес, патронаж қызметкері үйге барғанда отбасы жағдайын түсініп, қалай көмек көрсете алатынын да білуі тиіс.

Бүгінгі таңда емхана жанында жұмыс істейтін патронаж қызметкерлері жүкті әйелге міндетті түрде екі рет және 0-ден 3 жасқа дейінгі баласы бар отбасына сегіз рет барады. Мамандардың айтуынша, бұл балада ерте кезеңде қандай да бір ауытқу немесе ауру белгілерін анықтау үшін өте маңызды. Сонымен қатар, патронаж қызметкерлері баланың өмір сүріп жатқан әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын тексереді. Бұл жұмыстың ең объективті әрі тиімді түрі – дәл осы үйге бару форматында жүзеге асады.

– Патронаж медбикелері тек үй аралау жұмысымен айналысады, – деп қосты спикер. – Олар үйде болған кезде, баланың сөйлеу қабілетін немесе тамақтануын жақсарту үшін түрлі әдістерді көрсетіп, баланы дұрыс емізу техникасын үйретіп, күйзеліске түскен аналарға қолдау көрсете алады. Мұндай патронаж қызметкерлері баланың болашағы үшін отбасына нақты көмек береді.