Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында ауыл әкімі лауазымына конкурс бір орынға үш үміткерден асты

Павлодар облысында ауыл әкімі лауазымына конкурс бір орынға үш үміткерден асты

Apr 24, 2025 | Жаңалықтар


2025 жылдың басынан бері өңірде 18 ауылдық округтің әкімі қайта сайланды.

Ауыл әкімі қызметіне конкурс деңгейі артып келе жатқанын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің басшысы Асхат Искендиров мәлімдеді. Бұл мекеме барлық үміткерлерді тексерумен айналысады.

– Жыл басынан бері біз 70 үміткердің құжаттарын қарадық, олардың сегізі қабылданбады, – деді спикер @pavlodar.rsk алаңында. – Себептері әртүрлі: кейбір үміткерлер бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, кейбірінде тиісті еңбек өтілі болмаған және тағы басқа. Ауылдық округ әкімдігіне конкурсқа орташа есеппен бір орынға 3,3 үміткер келіп түседі.

Ауыл әкімі лауазымына ең көп үміткер Баянауыл, Торайғыров, Ақсу және Қалқаман ауылдық округтерінде тіркелді – әрқайсысына бес адамнан. Жыл соңына дейін Павлодар облысында тағы 48 ауыл әкімі қайта сайланады. Жалпы өңірде 126 ауыл әкімі қызмет етеді.