Барлық төрт жоба кешенді сараптамадан өтіп, қаржыландыруды күтуде.
Өңірдегі қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру жағдайы туралы @pavlodar.rsk баспасөз мәслихатында экология департаменті басшысының орынбасары Әсет Сыздықов айтып берді. Ол Павлодар облысының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға арналған 321 нысан бар екенін еске салды. Олардың тек төртеуі ғана қажетті рұқсат құжаттарына ие.
– Бүгінде облыс әкімдігі полигондарды заңдастыру үшін түрлі шаралар қабылдап жатыр, – деді спикер. – Иртышск, Тереңкөл, Баянауыл және Майқайың ауылдарында полигондар салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Бұл жобалар бойынша кешенді сараптама қорытындылары алынған және республикалық бюджеттен қаржыландыру күтілуде.
Сондай-ақ, Әсет Сыздықов өткен жылы ғарыштық мониторингтің арқасында 205 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталғанын атап өтті. Олардың барлығы жойылған. Бүгінде экология мамандары «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясынан жаңа деректерді күтуде.