Мемлекеттік басқару академиясына түсу үшін құжаттарды қабылдау 26 маусымда аяқталады.
Білім ошағының облыстық филиалының басшысы Самал Жарғакованың айтуынша, талапкерлердің құжаттары онлайн форматта қабылданады. Академия 6 магистратура, 3 докторантура және 2 модульдік бағдарламаны ұсынады. Олар жұмыс орнында оқытуды қамтиды.
«Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға магистратураға 120 грант және докторантураға 12 грант бөлінді», – деді спикер. – Мемлекеттік тапсырысқа өтініш беру үшін мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі болуы керек: магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша – кемінде 2 жыл, ал докторантура бойынша – 5 жыл.
Грантқа үміткерлер мемлекеттік органның жолдамасын ұсынуы керек. Ақылы негізде оқудан өткісі келетіндерге жолдама талап етілмейді. Шетел азаматтарын қоспағанда, барлық үміткерлердің мемлекеттік тілді В1 деңгейінен кем емес білуін растайтын QAZAQ RESMI TEST немесе KAZTEST сертификаты болуы керек.
Іріктеудің бірінші кезеңі – аналитикалық эссе жазу – нақты уақыт режимінде 29 маусымда өтеді. Соңғы кезең – әңгімелесу – 1-20 шілде аралығында Астанадағы академия қабырғасында өтеді. 22 шілдеде аралық қорытынды шығарылады, ал 5 тамызда оқуға қабылдау туралы бұйрық шығады.
Биыл қабылдау ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізілді:
* халықаралық қатынастар, мемлекеттік саясат және экономика мамандықтары бойынша 2 жылдық бағдарламалар бойынша оқу мерзімі 2 жылдан 1,5 жылға дейін қысқартылды.
* биыл біз құқық қорғау органдарынан да, арнайы мемлекеттік органдардан да мемлекеттік басқару мамандығы бойынша магистратураға үміткерлерді қабылдаймыз.
* қабылдау науқанының жалпы мерзімі 20 күнге қысқартылды – соңғы нәтижені 5 тамызда жариялауды жоспарлап отырмыз.
* әңгімелесу кезеңінен бастап бағалау пайызы магистратура үшін 70% және докторантура үшін 50% дейін ұлғайтылды.
Толық ақпаратты академияның admission.apa.kz сайтынан алуға болады.