Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 2024 жылы Павлодар облысында нөлдік төзімділік аясында 117 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелді

2024 жылы Павлодар облысында нөлдік төзімділік аясында 117 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелді

Feb 4, 2025 | Жаңалықтар


Қазақстанда нөлдік төзімділік қағидаты 13 жыл қолданылып келеді.

Ұсақ бұзушлық үшін жаза қолданбау одан да ауыр қылмыстарға баруға жағдай жасайды. Сондықтан, полиция нөлдік төзімділіктің пайда болуына ерекше назар аударады.  Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжиннің айуынша, бұл қағидат енгізілгелі Павлодар облысының тұрғындары араасында маңызды емес құқықбұзушылықтар, бұзақылық және мәдениетсіздікті қабылдамау сезімі қалыптасты. 

– Бүгінде адамдар тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда ішімдік ішу, жол қозғалысы ережелерін бұзу және қоқыс тастау фактілері туралы жиі хабардайды, – деп атап өтті @dp_pavlodar өкілі. – Бұл 102 номеріне хабарлау немесе учаскелік полицейге шағым түсіру және әлеуметтік желілер мен БАҚ-та бейнематериалдарды жариялау болуы мүмкін. Сонымен қатар, біз «Кибер-шериф», «Zerek-2» және«Оракул-С» апараттық кешендері мен бейнебақылау камераларының көмегімен бұзушылықтарды анықтаймыз. Биыл Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында 1 мыңнан астам камера орнату жоспарланған. 

2024 жылы аймақта нөлдік төзімділік шеңберінде 117 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олардың қатарында 6929 дерек тыныштықты бұзу, 9794 дерек қоғамдық орындарда алкоголь ішу, 6282 абаттандыру ережелерін бұзу, 1990 ортақ қолдану орындарын ластау және 91 мыңнан астам жол қауіпсіздігі желісіне қатысты бұзушылық бар.