
Медицина қызметкерлері шақырту кезінде жасалған жазбаларға жалпы қолжетімділік жоқ екеніне сендіреді.
Павлодар облыстық жедел-жәрдем станциясының жұмысында видеожетондар қолданылғанына екі айға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде өңірде медицина қызметкерлеріне қатысты агрессивті мінез-құлық фактісі тіркелген жоқ. 103 қызметі басшысының орынбасары Ирина Мищенконың айтуынша, осы уақытқа дейін тек бір рет пациент медицина қызметкерлерінен видеожазбаны тоқтатуды сұраған. Мұндай жағдайларда құрылғы аудиожазба режиміне ауыстырылады.
– Видеожетондармен тіркелген барлық ақпарат бұлттық қоймаға жүктеледі, оған өте аз адамдардың ғана қол жетімділігі бар, – деп атап өтті спикер @pavlodar.rsk. – Құқық қорғау немесе сот органдарына бұл деректер тек ресми сұраудан кейін ғана берілуі мүмкін. Сонымен қатар, мұндай қолжетімділік алған адам медицина қызметкерлері сияқты дәрігерлік құпияны жария еткен жағдайда жауапкершілікке тартылады. Егер жазбалардың қандай да бір төтенше жағдайларға немесе жанжалды жағдайларға қатысы болмаса, олар уақыт өте келе жойылады.
Павлодар облысында күн сайын жедел-жәрдемнің 70 медициналық бригадасы желіге шығады. Олардың әрқайсысы өз видеожетонымен жабдықталған.










