Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында Республика күніне 2 мыңнан астам іс-шара арналады

Павлодар облысында Республика күніне 2 мыңнан астам іс-шара арналады

Oct 21, 2026 | Жаңалықтар


Өңірде еліміздің басты мерекесі Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы және мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі аясында аталып өтіледі.

Павлодар облысының тұрғындары Республика күнін қалай тойлайтыны туралы @pavlodar.rsk алаңында Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Кымбат Дощанова, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Самал Саменова, Кәсіпкерлік және сауда басқармасының бөлім басшысы Талғат Әкімниязов және Павлодар қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Нұрғамисова айтып берді. Басты назар мерекенің мазмұнды бөлігіне, тұрғындардың белсенді қатысуына және әрбір елді мекенде мерекелік атмосфераны құруға аударылады.

Республика күнін мерекелеу аясында өңірде жалпы саны 2 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр.Оларды ұйымдастыруға мемлекеттік органдар, білім беру, мәдениет және спорт мекемелері, жастар бірлестіктері,этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар мен өңір тұрғындары қатысады. Тікелей 25 қазанда Павлодар қаласында Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтерудің дәстүрлі рәсімі өтеді. Сол күні сағат 12:00-де «ERTIS PROMENADE» сахнасында басты мерекелік концерт болады. Оның арнайы қонағы – танымал қазақстандық әнші Turar.

Сондай-ақ Павлодар облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді, олардың аясында сатып алушыларға төмендетілген бағамен тауарлардың кең ассортименті ұсынылады. Мерекелік ұсыныстардың ең қарқынды кезеңі 21 мен 27 қазан аралығына жоспарланған. Акциялық бағдарламалардың,арнайы баға ұсыныстарының және мерекелік жаппай сатылымдардың негізгі бөлігі дәл осы күндерге келеді. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады. «Republic Day» акциясына Павлодар және Ақсу қалаларындағы «BatyrMall», «Miras», «Atrium», «Манакбай», «Жаңа ЦУМ»,«Ескі ӨӘД», «Рубин», «Гулливер», «Квазар», «CityCenter», «Salem» және «AqsuMall» сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтары қатысты. Ал «Bereke Fest» акциясын «Greenwich», «INMART», «Small», «Ваш» және «Пахомовский» сауда желілері қолдады.

Фото: ChatGPT