Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Май ауданында құрғақшылық пен өртке қарамастан мал азығын жинап жатыр

Май ауданында құрғақшылық пен өртке қарамастан мал азығын жинап жатыр

Jul 19, 2023 | Жаңалықтар


Қиын жағдайда шаруалар мен билік өкілдері алдағы қысқа дайындалуда, деді аудан әкімі Ағыбай Әмірин.

ӨКҚ алаңында Май ауданы басшысы биылғы жылы Ертістің суы аз болғандықтан жайылмалық шабындықтардың 15-20%-ға ғана су басқанын атап өтті. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылы бұл көрсеткіш 60-65 пайызды құраған.

– Кейбір жерлерде жайылымда көшеттер өсіп тұр, – деді Ағыбай Әмірин. – Сондай-ақ, шаруаларымыз гектарына 2,5 центнерден 7 центнерге дейін өнім алатын далалық аймақтарда шөп шабуға шығады. Аудандағы босалқы жерлердің ішінен де жерлерді анықтадық. Олармен бірге шаруаларға орман алқабынан жер телімдері беріледі, онда шөп оруға да болады.

Құрғақшылықтан бөлек, Май ауданының тұрғындары өрттен де зардап шегуде. Өткен аптаның соңында Саты ауылы маңындағы жайылманың 1,2 мың гектардан астамы өртенді. Бұл 7 шаруа қожалығы мен жиырма шақты жергілікті тұрғындардың жерлері. Ағыбай Әмірин табиғи факторларға қарамастан, ауыл тұрғындарын мал азығымен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда деп сендірді.