Железин ауданында кезекте тұрғандар пәтер кілтін алады.
@pavlodar.rsk алаңында әкім Айтуған Шайхымов Железин ауданының қалай дамып жатқанын мәлімдеді. Биыл облыста құрылыс жұмыстарына бюджеттен 4 млрд теңге бөлінді. Негізгі құрылыс нысандарының бірі – облыс орталығындағы 24 пәтерлік жаңа тұрғын үй. Желтоқсанның ортасында тапсыру керек.
– Бүгінде ауданымызда баспана кезегінде 230 адам тұр, – деді спикер. – Олардың басым бөлігі облыс орталығында болғандықтан, осында тұрғын үй салуға күш салып жатырмыз. Қаржыландыруға байланысты келесі жылдың жоспарында Железинде 24 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған.
Сондай-ақ биылғы жылы Железинде N2 қазандық қайта жаңғыртылып, аудандық аурухананың қазандығы жөнделді. Прииртышск кентінде жылу қазандығы салынып, мәдениет үйі мен мектеп ғимараты тазаланды. Лесное және Еңбекші ауылдарында тағы екі мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, Леснойдағы мектеп күрделі жөндеуден өтті.