Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарда онлайн покер ұйымдастырушысына түрме қаупі төніп тұр

Павлодарда онлайн покер ұйымдастырушысына түрме қаупі төніп тұр

Feb 18, 2025 | Жаңалықтар


Ер адам өз пәтерінде турнирлер өткізіп, олардың қатысушылары ойындарға интернет арқылы қосылған.

Онлайн покер ұйымдастырушысын экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері өткен жылы ғаламторды мониторингтеу нәтижесінде анықтады. Белгілі болғандай, ол қашықтан ойнауға мүмкіндік беретін турнирлер өткізіп, қатысу үшін төлемдерді өз шотына қабылдаған.

– Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, қазіргі уақытта іс сотқа жіберілді, – деп мәлімдеді @pavlodar.rsk баспасөз конференциясында ведомство басшысының орынбасары Ринат Арғынбеков. – Тергеу барысында 37 монитор, 14 процессор, 45 ұялы телефон, 7 ноутбук, 2 флешка, 6 қатқыл диск, 700 мың теңге мен 5 мың рубль көлемінде қаражат, сондай-ақ покер жиынтығы тәркіленді.

Онлайн покер ұйымдастырушысының заңсыз табысы 1000 айлық есептік көрсеткіштен асты. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ол 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

@afm_pavlodar
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК

Нейрожелі арқылы жасалған фото