2024 жылдың 1 қазанынан бастап өңірдің тұрғын үй секторында 94 өрт жағдайы тіркелді. Құтқарушылардың айтуынша, бұл өткен жылыту маусымымен саыстырғанда 92%-ға артық.
ТЖ департаментінде жүргізіліп жатқан тұрақты профилактикалық жұмыстарға қарамастан, соңғы 4 ай ішінде Павлодар облысында өрттен 4 адам қаза тапты. Тағы 5 адам түрлі жарақат алды. Сонымен қатар, көміртегі тотығымен улану салдарынан 3 адам қайтыс болды және 3 адам зардап шекті.
– Өрттің негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін сақтамау болып табылады, бұл сымдардың қысқа тұйықталуына әкеп соғады, – деп атап өтті ТЖ департаменті бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов. – Көбінесе адамдар отты абайсыз қолданады: олар төсекте темекі шегеді, ашық отты пайдаланады және т.б. Бұған пештерді жағу кезіндегі бұзушылықтарды да қосуға болады.
Мамандар өрт шыққан үй иесі жауапқа тартылуы мүмкін екенін еске салады. Бірінші рет оған ескерту беріледі, содан кейін айыппұл салынады. Осылайша, әрбір меншік иесі өз пәтеріндегі электр сымдарына немесе жеке үйіндегі пешке жауап беруі керек.