Санитарлық тазалау және абаттандыру айлығы 11 мамырға дейін жалғасады.
Облыста тазалық марафоны қалай өтетіні туралы ӨКҚ алаңында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Иманзайыпов айтты. Бір ай ішінде облыс бойынша 669 аялдама павильоны, 198 бағдаршам нысаны, 2963 қоқыс орны, 1168 қоқыс жәшігі, 1118 орындық, 105 ескерткіш ретке келтіріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, қаланың коммуналдық қызметтері 78 саябақтар мен алаңдарды, 510 шақырым көшелер мен тротуарларды, сондай-ақ 350 жол люктерін тазартады. Акция аясында 30 мыңнан астам ағаш пен бұта көшеттері отырғызылып, 28 субұрқақ іске қосылады.