Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында халықтың қатысу бюджеті қайда жұмсалады?

Павлодар облысында халықтың қатысу бюджеті қайда жұмсалады?

May 16, 2024 | Жаңалықтар


Ағымдағы жылы Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында «Халықтың қатысу бюджеті» жобасы аясында балалар және спорт алаңдары орнатылады, сонымен қатар жалпы қала аумақтарын жарықтандыру, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтылды.

Павлодардың өзінде ғана 2020 жылдан бастап қоғамдық қатысу бюджеті аясында 300-ден астам түрлі өтінім қабылданып, оның 161-і орындалды. Биыл облыс орталығында 80 ойын алаңын орнатып, осыншама блокішілік алаңдарды асфальттауды, 25 стритбол алаңын, 12 шағын футбол алаңын, 25 стрит тренажерін, 30 стрит воркаут алаңын және 10 шахмат үстелін жабдықтауды көздеп отыр. Сондай-ақ қала әкімдігі қаланың әртүрлі аудандарында 8 шағын алаңды абаттандыруды жоспарлап отыр.

Ақсу қаласы жергілікті тұрғындардың қолдауымен 8 жобалық ұсынысты жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл Строителей көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолының жарықтандырылуы, Әуезова, 40 көшесіндегі балалар алаңын қайта құру, Әуезова, 5а көшесіндегі аула аумағын абаттандыру, Астана, 41, 45, 47, 49 көшесіндегі ауларда балалар ойын алаңын орнату, Камзин, 4 көше бойындағы іргелес аумаққа футбол алаңын орнату, Дөнентаева,40 көшесінде балалар алаңын қалпына келтіру. Беловка шағын ауданында балалар ойын алаңын және Железнодорожная, 4 көшедегі аулада спорт алаңын орнату.

Екібастұзда сарапшылық кеңесі қоғамдық қатысу бюджеті аясында 10 жобаны мақұлдады. Бұл Момышұлы, 26а көшедегі үйдің жанынан салынып жатқан спорт саябағының құрылысы және сол ауладағы балалар алаңын қайта жаңғырту. Степная-Жамбула көшелерінің қиылысындағы жеке сектордағы балалар алаңын қайта жаңғырту, Әуезов атындағы, 155 көшедегі үйдің ауласына балалар алаңын орнату және Энергетиков көшесінде жобалық жаяу жүргіншілер өткелін орнату. Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 39 үйдің ауласында воркаут алаңының құрылысы., Пшембаев көшедегі №17 және №19 үйлердің ауласында балалар ойын алаңын ретке келтіру, Дүйсембаев №9, №10 және №11 үйлердің ауласына воркаут алаңын орнату.  Мәшһүр Жүсіп №30 үйдің ауласында балалар, жасөспірімдер және тұрғындарға арналған аулалық ойын алаңын орнату. Сонымен қатар, Мәшһүр Жүсіп №52/5 үй ауласына заманауи спорт алаңының құрылысын орнату.