Сондай-ақ, облыс тоғыз ауылдық мәдениет үйін ретке келтіріп, Екібастұз қаласының орталық кітапханасын жөндеуге уәде беріп отыр.
Павлодар облысындағы мәдениет нысандарына қолжетімділік қалай қамтамасыз етілгені туралы АБҚ алаңында Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы МЕДЕТ ТАУАСҚАН айтып берді. Ол 2023 жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша Екібастұз ауылдық аймағындағы Байет ауылында және Тереңкөл ауданының Қызылтаң ауылында екі жаңа мәдениет ошағы бой көтеретінін атап өтті. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен Жетекші ауылында мәдениет үйі салынуда.
Тағы тоғыз ауылдық мәдениет үйі мен байланыс орталығы жөндеуден өткізілмек. Ақтоғай ауданының Әуелбек, Баянауыл ауданының Ақсан, Железин ауданында Веселая роща, Май ауданынның Малайсары және Майтүбек, Аққулы ауданынның Жамбыл, Успен ауданынның Қозыкеткен және Новопокровка, Шарбақты ауданында Жаңа-ауыл ауылдарында нысандарды қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, Екібастұзда орталық кітапхана жөндеуден өтеді.
– Мәдениет нысандарының жөндеуі үлкен экономикалық пайда береді деп айта алмаймын, бірақ әрбір ауылдық елді-мекенде өзінің мәдениет үйі болу керек, – деді баяндамашы. – Ол өсіп келе жатқан ұрпақтың, жастардың, балалардың, үлкен азаматтардың басқа жер емес, осы мәдениет үйінде ауылдың орталық ошағы болу керек.