Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 120 мыңнан астам қонақты Павлодар облысының демалыс орындары қабылдады

120 мыңнан астам қонақты Павлодар облысының демалыс орындары қабылдады

Jul 25, 2024 | Жаңалықтар


Жыл соңына дейін облыс 225 мың қонақты қабылдайды деп жоспарлануда.

Бүгін @pavlodar.rsk алаңында Павлодар облысында туризм саласының қалай дамып жатқаны туралы әңгімеледі. Аймақтың негізгі туристік орындары Баянауыл ауданы мен оның аумағындағы ұлттық саябақ, Маралды және Тұзқала тұзды көлдеріндегі демалыс аймақтары, Шарбақты ауданындағы Шалдай қарағайлы орманы, Солнечный кентіндегі жағажай, жағалаудағы Ертіс аймақтары және киелі нысандар.

– Туризм индустриясында негізгі көрсеткіштердің өсуі байқалды. Мұны ресми статистикадан көруге болады», – деді дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Диас Жәкенов. – Өткен жылмен салыстырғанда қонақүйлерді толтыру 17,3 пайызға артқан. Сонымен қатар, Павлодар облысында орналастыру орындарында көрсетілген қызмет көлемі 7,7%-ға өсті. Туристік маусымның соңында олар 1 миллиард теңгеден астам табыс табады деп болжануда. 

Бүгінде облыс аумағындағы демалыс орындарына келгендер саны 122 мыңнан астам адамды құрады. Жыл соңына дейін туристер ағыны 225 мыңнан астам адамды құрайды деп күтілуде.