Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Жыл басынан бері Павлодар облысының өрт сөндірушілері автокөліктегі 45 өртті тіркеді

Жыл басынан бері Павлодар облысының өрт сөндірушілері автокөліктегі 45 өртті тіркеді

Jul 14, 2026 | Жаңалықтар


Мұндай өрттердің негізгі себептері ретінде электр жабдықтарының ақаулығы, жанар-жағармай материалдарының ағуы, көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу және техникалық қызмет көрсетудің уақтылы жүргізілмеуі қалып отыр.

Автокөлік өрттерінің басым бөлігі аймақтың үш қаласында орын алды — бірден 37 жағдай. Бұл ретте үш өрт газ баллоны жабдығы орнатылған автокөліктерде тіркелген.

– Соңғы жылдары отын ретінде сұйытылған немесе сығылған газды пайдаланатын жүргізушілердің саны артып келеді, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Асқар Бүркітбаев. – Мұндай көлік құралдарын пайдалану газ баллоны жабдығының техникалық жай-күйіне аса жоғары назар аударуды требовать етеді. Жүйенің кез келген ақауы, газдың жылыстауы немесе пайдалану ережелерін бұзу өртке, жарылысқа және ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.

Мамандар газ баллоны жабдығы бар автокөлік иелеріне келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады: газ баллоны жабдығын тек тиісті рұқсаты бар мамандандырылған ұйымдарда орнату, техникалық қызмет көрсету мен диагностикадан уақтылы өту, газ жүйесінің герметикалығын, редуктордың, құбырлардың, вентильдер мен қосылыстардың жай-күйін үнемі тексеріп тұру, газ иісі шыққанда, герметикалық төмендегенде немесе басқа да ақаулық белгілері байқалғанда автокөлікті пайдаланбау, газ жүйесінің элементтерін өз бетінше жөндеуге әрекет жасамау, газ баллондарын куәландырудың белгіленген мерзімдерін сақтау және қажет болған жағдайда оларды уақтылы ауыстыру және автокөлікте міндетті түрде жарамды өрт сөндіргіштің болуын және оның жарамдылық мерзімін бақылау.

Айта кетейік, Павлодар облысында соңғы бірнеше жылда үлкен танымалдылыққа ие болып жатқан электромобильдерді сөндіру әдісі де игерілуде. Ол үшін өрт сөндірушілер халық арасында «тасбақа» деп аталып кеткен арнайы саптаманы қолданады. Ол тікелей автокөліктің астына қойылып, суды аккумулятор батареясы орналасқан аймаққа бағыттайды. Су батарея корпусының ішіне тез еніп, ұяшықтарды суытады және қызып кетудің тізбекті реакциясын тоқтатады.