Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында электр желісі инфрақұрылымы жаңартылуда

Павлодар облысында электр желісі инфрақұрылымы жаңартылуда

Sep 16, 2026 | Жаңалықтар


2026 жылы «Павлодар электржелістік тарату компаниясы» АҚ өңірдегі электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға 5,8 миллиард теңге бағыттады.

Электр желілері мен электрмен жабдықтау объектілеріндегі жөндеу науқаны туралы @pavlodar.rsk арнайы пресс-туры барысында айтылды. Биыл Павлодарда 11 жаңа жиынтықты трансформаторлық қосалқы станцияны салу және пайдалануға беру жоспарлануда. Олардың жұмысын қамтамасыз ету үшін кернеуі 10 кВ және 0,4 кВ болатын жаңа кабельдік желілер тартылып қойды. Сонымен қатар, облыс орталығында «Западная городская» қосалқы станциясындағы әуе желісін реконструкциялау жалғасуда. Жоба аясында үш жиынтықты трансформаторлық қосалқы станция жаңасына ауыстырылады. Бұдан бөлек, жаңа кабельдік желілер тартылып, әуе желілерінің учаскелері салынады.

Тағы бір ірі жоба Павлодардың «Восточный» шағын ауданында жүзеге асырылуда. Мұнда «Восточная городская» қосалқы станциясындағы 10 кВ әуе желісі қайта жаңартылады. Жұмыстар аяқталғаннан кейін төрт жиынтықты трансформаторлық қосалқы станция жаңасына ауыстырылып, әуе және кабельдік желілердің жаңа учаскелері салынады.

Электр желілерін жаңарту жұмыстары Баянауыл ауданында да жалғасуда. «Баянауыл» қосалқы станциясы әуе желісінің бір учаскесінде қимасы 35 мм² оқшауланбаған сым қимасы 50–70 мм² заманауи оқшауланған сымға ауыстырылады. Желінің ұзындығы 15,6 шақырымды құрайды. Ол 993 жеке және 125 заңды тұлғаны электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Реконструкциялау Баянауыл тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

– Жалпы, биыл біз 134 шақырым желіні және 45 бірлік әртүрлі жабдықты жөндеуді немесе жаңғыртуды жоспарлап отырмыз, – деді «ПЭТК» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Алексей Толстых. – Инвестиция сомасы 5,8 миллиард теңгені құрайды. Жаңғырту жұмыстары ең алдымен апаттылықты және электр желілерінің негізгі қорының тозуын азайтуға, сондай-ақ көрсетілетін электрмен жабдықтау қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған.