Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодар облысында ауылдық кірме жолдарды көркейту-көгалдандыру жұмыстары жалғасуда

Павлодар облысында ауылдық кірме жолдарды көркейту-көгалдандыру жұмыстары жалғасуда

Sep 17, 2026 | Жаңалықтар


Соңғы үш жылда өңірде ұзындығы 300 шақырымға жуық 91 кірме жол тәртіпке келтірілді.

Жергілікті маңызы бар жолдардағы жол-жөндеу науқаны туралы @pavlodar.rsk алаңында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Фархат Оспанов айтып берді. Ол Павлодар облысында болашағы бар ауылдық елді мекендерге апаратын кірме жолдарды жаңғырту жобасы төртінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатқанын еске салды.

– 2023 жылдан 2025 жылға дейін жалпы ұзындығы 297 шақырымды құрайтын 91 кірме жол жөнделді, – деді спикер. – Биыл ұзындығы 21 шақырым болатын 17 ауылдық кірме жолға жөндеу жүргізілуде. Тағы төрт жоба 2027 жылы жүзеге асырылатын болады.

Жалпы 2026 жылы өңір бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеу бойынша 102 жоба жүзеге асырылуда. Олардың жалпы ұзындығы 332 шақырымды құрады. Бүгінгі таңда жұмыстар 90%-ға орындалды. Жол-жөндеу маусымының қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 97%-ды құрайды.

Фото: ChatGPT