Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарлық құтқарушылар қысқы кезеңдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды

Павлодарлық құтқарушылар қысқы кезеңдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды

Sep 11, 2026 | Жаңалықтар


Мамандар Павлодар облысының тұрғындарынан пешпен жылыту және электр сымдарын пайдалану мәселелеріне мұқият қарауды сұрайды.

Алдағы жылыту кезеңіне арналған профилактикалық жұмыстар туралы @pavlodar.rsk алаңында ТЖ департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Оразбек Уәлиханов айтып берді. Өткен қысқы кезеңнің қорытындысы бойынша өңірде 82 өрт тіркеліп, онда 10 адам қаза тапты және тағы 6 адам түрлі жарақат алды. Сол себепті де қазір құтқарушылар жеке аулаларды аралап, үй иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салуда.

– Біздің жеке үйлерді ережелерге сәйкестігі тұрғысынан тексеруге құқығымыз жоқ, тек адамдарға ұсыныстар бере аламыз, – деді спикер. – Бұл ретте әрбір үй иесі өзінің қауіпсіздігіне өзі мүдделі болуы тиіс. Біздегі өрттің басты себептері — отты абайсыз пайдалану, электр сымдарындағы ақаулар және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Жылыту сезоны басталмас бұрын барлығына пештерін тексеруді, оларды ақтауды және жарықтары болса сылауды, түтіндіктерді тазалауды және электр сымдарының бүтіндігіне көз жеткізуді ұсынамыз.

Пешпен жылытуды пайдалану кезінде тыйым салынады:

  • жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ пешке қарауды жас балаларға тапсыруға
  • отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пеш алдындағы табаққа орналастыруға
  • пештің есігін ашық қалдыруға
  • ошаққа жақын жерде киім мен басқа да заттарды кептіруге
  • жылыту пешін шамадан тыс қыздыруға.

Бұдан бөлек, өртсөндірушілер жеке үйлерге түтін датчиктерін орнатуға кеңес береді. Өткен жылы жергілікті атқарушы органдар мен демеушілік көмек есебінен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының үйлеріне 1,5 мыңға жуық арнайы датчик орнатылды. Биыл түтін датчиктері тағы 289 үйге орнатылды.