Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Теріске шығарудан саналылыққа: Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлық саласында оң өзгерістер байқалады

Теріске шығарудан саналылыққа: Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлық саласында оң өзгерістер байқалады

Jan 27, 2026 | Жаңалықтар


Егер 2024 жылы республикада қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың небәрі 6 жағдайы тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3 есе артты. Дегенмен, трансплантолог мамандардың айтуынша, бұл әлі де өте аз.

Қазақстандағы ағза донорлығының қалай дамып жатқаны туралы @pavlodar.rsk алаңында талқыланды. Павлодар облысы бойынша транспланттау үйлестірушісі Дмитрий Потеребух атап өткендей, бүгінде ел бойынша ағза алмастыру кезегінде (күту парағында) 4,5 мыңға жуық адам тұр. Олардың 3,9 мыңнан астамы — бүйрек алмастыруды қажет ететін реципиенттер.

— Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында трансплантология жақсы дамып келеді: жоғары білікті мамандар бар, қажетті жабдықтармен қамтылған, асқыну қаупі минималды, — деді спикер. — Сонымен қатар, бізде донорлықтан бас тарту деңгейі әлі де жоғары. Мәселен, өткен жылы тек біздің өңірде 15 әлеуетті донордың біреуі ғана донор бола алды. Ал eGov порталында қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты ерік білдіру мәселесіне келсек, ел бойынша бұл құқықты 145 мыңнан астам адам пайдаланған. Олардың тек 12,6 мыңы келісім берсе, 132,4 мыңы бас тартқан.

Трансплантология мамандары белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуден басқа жол көрмей отыр. Олар әрбір қазақстандықтың бір мезгілде бірнеше адамның өмірін сақтап қала алатынын естен шығармау қажеттігін ескертеді.