
Өңірде барлығы 18 мың адамды жұмыспен қамту міндеті тұр.
Өңірлік жұмыспен қамту картасының іске асырылу барысы туралы @pavlodar.rsk алаңында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Самал Қадырова айтып берді.
– Биыл Павлодар облысында 18 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру міндеті тұр, – деді спикер. – Оның ішінде 14 мың адам тұрақты жұмыс орындарына тұруы тиіс. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 4,4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды.
Жыл басынан бері 2,2 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 2,1 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс түрлерімен қамтылса, тағы 1,2 мыңға жуық адам бос жұмыс орындары арқылы жұмысқа тұрды.
Фото: Gemini










