
Мамандардың айтуынша, өрт көбінесе түнде және таңертеңгі уақытта, яғни бөлмедегі түтін тым кеш анықталған кезде орын алады.
Жылыту маусымы басталғаннан бері Павлодар облысының тұрғын үй секторында 37 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе аз. Соған қарамастан, 1 қазаннан бастап өңірдегі өрттерден 7 адам қаза тауып, тағы 5 адам түрлі жарақат алды.
— Өрттер пештердің ақаулығынан, мұржадағы жарықтардан, электр сымдарына шамадан тыс күш түсуден және қолдан жасалған жылытқыштарды пайдаланудан болады, — деп атап өтті @pavlodar.rsk алаңында ТЖ департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Берік Омаров. — Көбінесе адамдар пешті және қосулы тұрған электр құрылғыларын қараусыз қалдырады.
Бүгінде өрт сөндірушілер профилактикаға баса назар аударып, бұрынғыша барлық тұрғындарға пәтерлері мен үйлеріне автоматтандырылған өрт хабарлағыштарын орнатуды ұсынады. Жақында ғана осындай құрылғы Төртқұдық ауылының екі тұрғынын аман алып қалды: олар дабыл дыбысын естіп, өртеніп жатқан үйден дер кезінде шығып үлгерген.










