Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
+7 (7182)661551
rsk.pavlodar@gmail.com

Региональная служба коммуникаций Павлодарской области

ҚАЗ   РУС   ENG

Главная 9 Жаңалықтар 9 Павлодарлық салықшылар сыра мен сыра сусындарын таңбалау процедурасын түсіндірді

Павлодарлық салықшылар сыра мен сыра сусындарын таңбалау процедурасын түсіндірді

Feb 17, 2026 | Жаңалықтар

Кегтер мен бөтелкелерде шығарылатын сыра мен сыра сусындары үшін таңбалау 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап, ал алюминий банкалардағы өнімдер үшін — 2027 жылғы 1 ақпаннан бастап міндетті болып табылады. 2026 жылғы 1 ақпанға дейін таңбалаусыз өндірілген өнімдерді бір жыл ішінде өткізуге рұқсат етіледі.

Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің айтуынша, сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалау заңсыз айналыммен күресу және нарықтағы ашықтықты арттыру мақсатында енгізілген. Ведомствоның жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерсін Харифоллиннің сөзінше, жаңа ережелерге байланысты сыра өнімдерін бөлшек саудада сатушы субъектілер тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне тіркеліп, кассалық жабдықтарын сәйкестендіруі қажет.

– Сұрақтар туындаған жағдайда арнайы техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді, – деп атап өтті спикер @pavlodar.rsk алаңында. – Сыра мен сыра сусындарын өндірушілер мен өткізушілер 8 800 080 6565 нөміріне және Telegram мессенджеріндегі +7 708 825 3272 нөміріне хабарласа алады.

Ақпан айының соңына дейін павлодарлық салықшылар таңбалау процедурасының барлық қыр-сырын талқылау үшін жергілікті өндірушілер мен алкоголь өнімін көтерме саудада сатушылардың басын қосуды жоспарлап отыр.

Фото: Gemini